Полицейлер патрульдік қызметте Segway гироскутерлерін пайдаланады

108

ШҚО полицейлері патрульдік қызметте Segway гироскутерлерін пайдаланады.

Тәртіп сақшылары Өскемендегі жағалау аумағын және облыс орталығының саябақтарында патрульдеу үшін қос дөңгелекті электрлі құрылғыларды игерді.

Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар. Оннан астам полиция қызметкері жүргізу курстарынан өтіп үлгерді және патрульдік қызмет көрсетуге дайын деп хабарлады Polisia kz.

Батарея қуатымен жұмыс істейтін Segway полицияға арналған StreetSmart мүмкіндіктерімен, соның ішінде сирена және жыпылықтайтын шамдармен жабдықталған.

Гироскутерлер патрульдік қызметте және көліктер өте алмайтын саябақ аумақтарында, аллеялар мен алаңдарда тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылады.

Бұл жаңашылдық уақытты айтарлықтай үнемдейді, сонымен қатар, жұмыс сапасын арттырады.

Алдыңғы пост
Жалған адвокат 4 жылға сотталды
Келесі пост
Мәсімовтің “экс-күйеу” баласына іздеу саламыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu