Аты алашқа әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың күмбезі қараусыз қалған

115

Қазақ халқының мақтанышына айналған ұлы композитордың денесі Алматы облысы Кеңсайға қойылған. Оның туған күнін дүркіретіп тойлап, саябақтарда мерекелік іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Бірақ, жерленген жерін, күмбезін реттеуді ұмыт қалдырғанбыз. Қазіргі таңда, күмбездің қабырғалары сыз тартып, түсе бастаған дейді зиярат етуші оқырман.

Фото:видеодан алынды

“Мынау атақты Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың күмбезі. Келіп зиярат жасап, құран оқыттық. Сол баяғы жартас, сол жартас, өзгерген ештеңесі жоқ. Күмбездің іші мынадай болып тұр. Не деген масқара. Әнұранымыздың авторы. Қазақстанның мәдениет министрлері қайда қарап отыр. Мен түсінбеймін. Ең болмағанда ремонттап қоюға болады ғой. Алдымыз да, Шәмшінің 95 жылдығы келе жатыр. Айтамыз, қоямыз”,-дейді автор.

Расында, бүкіл ел мойындаған, халықтың қайнаған ортасынан шыққан дара дарынның жерленген күмбезін әр жылы тазалап қоюға болады емес пе? Әлде, ән айтып, халыққа еске алғандай кейіп таныту қанымызға сіңіп барады ма?

Айта кетейік, қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар. Ол әндермен нан тауып жүрген әншілер қанша ма?

Алдыңғы пост
Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдетілді
Келесі пост
Өскеменде туберкулезден қайтыс болғандар саны артқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu