Шетелдік азаматты жұмысқа орналастырмақ болған директор сотталды

184

Маңғыстау облысының «Еңбек мобилділігі орталығы» КММ директоры сотталды деп хабарлады Антикор.

Түпқараған аудандық соты Маңғыстау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ директоры М. Қайранбаевқа қатысты үкім шығарды.

Ол Өзбекстан Республикасы азаматының жұмысқа орналасуға жәрдемдесу сылтауымен 200 мың теңге мөлшерінде ақша қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Нәтижесінде, сот үкімімен оған 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, сотталған адам мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
20 тонна мектеп дәптерін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Келесі пост
Халықаралық іздеуде жүрген азамат Польшадан ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu