175
Испаниялық Мария Морера 117 жасында өмірден өтті. Ол әлем бойынша ең ұзақ өмір сүрген зейнеткердің бірі болатын. Ардагердің үш ұлы, 11 немересі бар. Ал өзі қарттар үйінде өмір сүрген.
Мария Браняся 1907 жылы 4 наурызда Сан-Францискода дүниеге келген. Жергілікті басылымдардың мәліметіне сәйкес, зейнеткер дүниежүзілік соғыстан, азаматтық соғыстан тіпті, 2020 жылы короновирус ауруынан аман қалған.
Әлемдегі ең қарт азаматшаның ақыл-ойы дұрыс, өте белсенді болған. Өмірге деген құштарлығы ерекше, жоғары көңіл күймен жүрген. Бұл оның өмір сүру ұзақтығына әсер еткен көрінеді.