Маймыл шешегі әлемнің 116 елінен анықталды

156

Аргентинада маймыл шешегін таратады деген күдікпен бидай таситын кеме карантинге алынған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, Либерияның туын таққан су көлігі Бразилияның Сантос қаласынан жеткен. Ал оның бортындағы үндістандықтың мойны мен бетінен жара байқалады. Сондықтан дәрігерлер экипаж мүшесін оқшаулаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аймақтық кеңсесінің басшысы Ханс Клюгенің сөзінше, вирус тері арқылы, әсіресе жыныстық қатынас кезінде және ауру жануарлардан жұғады.

Сондай-ақ, вирус ауа тамшылары арқылы да берілуі мүмкін. Орамал немесе төсек-орын сияқты вируспен ластанған заттар да қауіп төндіреді.

Дегенмен, ДДСҰ өкілі маймыл шешегі коронавирус сияқты қауіп төндірмейтінін айтты.

Осыған байланысты, ДСМ еліміз бойынша оқу-жаттығу өткізуде. Яғни, санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, сондай-ақ әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдарда іс-тәжірибені пысықтауда.

“Инфекциялық ауруларға күдікті жолаушылар анықталған кезде іс-қимылды үйлестіруге ерекше назар аударылады. Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды. Персонал жолаушыдан ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклінен өтті”, делінген хабарламада.

Алдыңғы пост
БҚО: Су тасқынынан зардап шеккендердің баспана мәселесі толық шешілді
Келесі пост
Сотталғандарды азаптаған түрме бастығы мен қызметкерлері түрмеге тоғытылды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu