Сарбаз 6 ай бойы ес-түссіз жатты: Ербаянға көмек қажет

313

Ербаян Мұхтар әскерде қызмет ету кезінде басынан жарақат алған. Жағымсыз жағдай осыдан алты ай бұрын орын алған. Ұлттық гвардияға кеткен сарбаз, дәретханада есінен танып құлаған. Оның жағдайы тым ауыр. Өйткені, апталдай азамат сөйлей алмайды. Тамақ іше алмайды. Тіпті, өз еркімен демалуға мүмкіндігі жоқ. Өйткені оның миына бірнеше рет ота жасалған. Қазіргі таңда, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Қатардағы Ербаян Мұхтар басынан жарақат алу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 440-бабы, 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды (“әскери қызметшілер арасындағы денсаулыққа ауыр зиян келтірумен өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу”). Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптама тағайындалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы ІІМ ІІД басшылығының бақылауында”, – делінген ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі таңда, Ербаян ата-анасының талабы бойынша үйіне ем алуға жіберілген. Яғни, жақындары мүгедектік рәсімдемек. Бірақ, сот процесі аяқталмай, мүгедектік рәсімдеуге ерте.

Небәрі 22 жастағы Ербаянды шетелде емдету үшін қомақты қаржы қажет. Егер, сіз қол ұшын беремін десеңіз, төмендегі нөмірге қаржылай көмек жібере аласыз.

4400 4302 6850 6794

8 747 514 80 52 Гүлсім Қ (анасы)

Алдыңғы пост
Шекарадан заңсыз дәрі-дәрмек алып өтпек болғандар ұсталды
Келесі пост
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu