Жауапкер 10 млн АҚШ доллар тұратын байлығының қалай келгенін түсіндіре алмады

245

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінің активтерді иемдену көздерінің заңдылығын мониторингілеу және талдау шеңберінде онымен үлестес тұлғаларда пайда болуы түсініксіз активтері анықталды.

Ағымдағы жылы активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.

Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Cот шешімін орындау аясында мемлекет кірісіне қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше тамыры сақ дәуірінен бастау алатын тарихи-мәдени мұра заттары айналдырылды.

Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның негізгі қағидаты болып табылады және болып қала береді.

Алдыңғы пост
Ферроқорытпа зауытындағы апат: Жұмыс беруші кінәлі
Келесі пост
Халықаралық іздеу саламыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu