236
Абай облысы, Бородулиха ауылында алғашында шаруашылық құрылысы жанып, қызыл жалын жеңіл көлікті де, шарпыған. Сондай-ақ, тілсіз жау жеке тұрғын үйге өтіп, көк түтін қаптаған.
Өрттің алдын ала ауданы 400 шаршы метр алаңды құрады. Өртті сөндіру кезінде 1990 жылы туған үй иесінің денесі табылды.
Айта кетейік, өткен тәулікте төтеншеліктер сегіз үй секторындағы өртену фактілерін тіркеген. Яғни, тілсіз жау Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласында орын алған.
ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өрт орын алған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз!