Әскерде әжетханада есінен танып құлаған Ербаян, бүгінде мүгедек болып қалды. Оған неше рет ота жасалса да, беті бері қарамады. Есін білгенімен, сөйлеуге, тамақ ішуге мүмкіндігі жоқ. Оның туыстары Ербаянды шетелде емдетуді жөн көрген еді.
26 тамызға Ербаян ЭКГ, өкпе рентгенографиясына жазылды. Ербаян ұзақ уақыт төсекте жатқандықтан оның арқасына салмақ түсуі мүмкін. Сондықтан іркілістік пневмония бар-жоғын тексеру керек. Қазіргі таңда ең бастысы – Ербаянның ұзақ уақыт ұшуға дайын болуы керек. Ертең Германия елшілігіне барып, олар қалай көмектесе алатынын сұраймыз, себебі Ербаянды Германияда емдеу қажет деп шештік деген болатын.
Алайда, Германиядағы @chariteberlin клиникасының неврологиялық орталығында бос орын жоқ екен. Олар, өкінішіке орай науқас қабылдай алмаймыз деп жауап берген.
Сондықтан, сіздердің көмектеріңіз қажет. Егер, шетелдік емдеу орталықтарын білсеңіздер, @erbayan2024 парақшасына жазыңыздар!