153
Абай облысы Бесқарағай ауданында 3 Га аумақта құрғақ шөп пен шабылған шөп жанып, төтеншеліктерді аяғынан тік тұрғызды.
Оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндірушілер үйлесімді әрекеттерінің арқасында қызыл жалынды қысқа мерзімде ауыздықтады. Сондай-ақ, өрттің шығу себебіне көз жеткізіп, кінәлі адамды анықтады.
ҚР ӘҚБтК-нің 589-бабына сәйкес дала алабында автотракторлық техниканы ұшқын сөндіргішсіз пайдаланған кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіру шығындарын өтеу бойынша талап арыз беру туралы мәселе шешілуде.
Абырой болғанда қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.