182
Түркістан облысы, Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны жеті қыздан соң, екі ұл, бір қыз босанды. Сәбилерге мемлекет басшысының есімі берілді. Яғни, Қасым, Жомарт, Кемел.
“Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым, Жомарт, Кемел деп қойдық”, – деді үшемнің анасы.
Гүлназ Қожабекова мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-ші аптасында босанды.
Сәбилердің салмағы 1 келі 965 грамм, 1 келі 925 грамм және 1 келі 975 грамм.
Айта кетейік, 33 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды.