Парижде Паралимпиада ойындары ресми түрде ашылды

295

Парижде 17-ші жазғы Паралимпиаданың шымылдығы ресми түрде түрілді. Салтанатты іс-шара Францияның Келісім алаңында өтті. Еліміздің көк туын Берік Ізмағанбетов пен Севда Алиева алып шықты.

Жазғы Паралимпиада бәсекесі Франция астанасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарысқа 4400-ден астам спортшы қатысады. Оларға 2500 адам көмектеседі. Сайыс бағдарламасына 22 спорт түрі мен 549 дисциплина енген. Ал ойындар 11 күнге жалғасады. Биылғы бағдарламаға жаңа спорт түрлері қосылмаған. Алайда Токио-2020 ойындарының бағдарламасына енген пара бадминтон қайта ұсынылып отыр.

Париждегі Паралимпиадаға Қазақстан құрамасынан 44 спортшы сынға түседі. Бұл – ел тарихындағы рекордты көрсеткіш деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі. Токио-2020 ойындарында ел намысын 26 спортшы қорғаған болатын. Ел спортшылары ойындарға 1996 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді.

Биылғы Паралимпиадада Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 9 спорт түрінен (пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара таэквондо, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеу, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара каноэ және волейболды отырып ойнау) сынға түседі. Осы жылы қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінен және әйелдер арасында пара каноэден алғаш рет Паралимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді
Келесі пост
Павел Дуров сот залынан босатылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu