Қазақстанда Гидрогеология қызметі қайта құрылды

161

Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан Ұлттық гидрогеология қызметі құрылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ұсынысына сәйкес, Ұлттық гидрогеология қызметі жер асты суларын басқару, іздеу-барлау жұмыстары және олардың мемлекеттік мониторингі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін ұйымдастырушылық және басқа да қажетті өкілеттіктерге ие болады. Жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері ерекше бақылауда болады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов болжам бойынша Қазақстандағы жер асты суларының қоры шамамен 40 текше километрді құрайтынын, оның 15 текше километрі қазіргі таңда пайдалануға дайын екенін атап өтті. Бүгінде ел экономикасында бұл ресурстардың 7-10%-ы ғана қолданылады. Министрліктің жоспарында – ауызсумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жерлерін суару және жайылымдық мал шаруашылығын қолдау үшін жер асты суларын белсенді түрде пайдалану, бұл ретте қорлардың сарқылуына және ластануына жол бермеу үшін қатаң бақылау қамтамасыз етілетін болады.

Алдыңғы пост
Есірткі контрабандасымен айналысқан күдікті Мәскеуде қолға түсті
Келесі пост
Жүкті келіншектің денесін 70 пайыз күйік шалған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu