Блогерлермен жанжалдасқан күзетші көз жұмды

199

Әлеуметтік желі де, күзетші мен өзін блогер санайтындардың арасында жанжал туындаған видеосы тарады. Оқиға, Атыраудағы “Мемлекеттік сараптама орталығы” мемлекеттік мекемесінде орын алған.

Өздерін блогер деп таныстырғандар, мемлекеттік ғимараттағы бірнеше кемшіліктерді айтып ішке кіреді. Мекеме күзетшісі оларға ескерту беріп, шығарып жібермек болады. Алайда, блогер оған көнбестен, айқай шығарады. Видеодан ер адамның күзетшінің аяқ киіміне тиісіп, “сен бомжсың ба?”, “сен кімсің?”, “сен еркек емессің, белдемше киіп ал” дегенін естуге болады.

Салдарынан, күзетші, жұмыс орнындағы оқиғаға байланысты басына қан құйылып қайтыс болған. Марқұм Хәкім Иманиязов 56 жаста болған. Артында әйелі мен бала шағасы қалды.

Қазіргі таңда, бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның ақ-қарасы анықталатын болады.

Алдыңғы пост
Париж-2024: Милана Красавцева ширек финалға өтті
Келесі пост
Париж Паралимпиада: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu