240
Еліміздің спортшысы Санжар Ерұланұлы дзюдодан кадеттер (18 жасқа дейін) арасында әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық азамат, Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жарыста 90 килоға дейінгі салмақта топ жарды.
Ол, финалда украиналық Дмитро Лебиданы уақытынан бұрын жеңіп шықты.
Әлем рейтингінде 5-ші орында тұрған отандасымыз әлем біріншілігін екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ.
Айта кетейік, әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысып жатыр.