194
Шымкентте күдікті азамат, жол бойында полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан тайып тұрған.
Бейнематериалда, полиция қызметкерінің орнынан тұра алмай жатқаны көрініп тұр. Аталмыш факті бойынша, күдікті қолға түскен. Тергеу амалдары жүргізілуде.
“1 қыркүйекте жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің инспекторын арқасынан ер адам пышақпен ұрған. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабымен “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері” қылмыстық іс қозғалды”,- деп хабарлады полиция департаменті.
Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.