4 жастағы бала терезеден құлап кетті

336

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен 2020 жылы туылған бала құлап, ауруханаға түсті.

“3 қыркүйек күні сағат 18:45-те Әл-Фараби ауданы, Володарский көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдің қабатынан 2020 ж туылған ер бала терезеден құлап кеткені бойынша хабарлама келіп түсті. Қазірге таңда ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа”,-деп жазылған мәлімдемеде.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 6 бала терезеден құлап кеткен. Оның ішінде біреуі көз жұмды.

Құрметті ата-аналар! ТЖД балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін сақталуы қажет мінез-құлық ережелерін еске салады.

-Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;

-Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;

-Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;

-Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;

-Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, бала сіз үйде болмаған кезде қайталауы мүмкін.

Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!

Алдыңғы пост
Маңғыстауда көлік өртенді: Бір бала қайтыс болды, екіншісі қолынан айырылды
Келесі пост
АҚШ: Мектеп оқушысы атыс ұйымдастырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu