Шымкент: Мемлекетке 194 млн теңге залал келтірген аппарат басшысы сотталды

221

Шымкент қаласының ауданаралық қылмыстық сотында бұрынғы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы Бақыт Мелдебековке қатысты іс қаралды.

Оған, өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС директоры Б. және құрылтайшысы К. бірге қылмыстық мақсатта әкімдіктің бюджет қаражатын жымқыруды көзделі деген айып тағылды.

Күдіктілер, тұрғын үй аулаларын абаттандыруға арналған сметалық құжаттарды (қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, орындықтар, ойын және жаттығу алаңдары) материалдардың құнын асыра отырып әзірлеу арқылы шамамен 700 млн теңге көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етті. Бұған қоса, сотталушылар декларацияларға әдейі бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық төлеуден жалтаруды ұйымдастырған. Нәтижесінде, мемлекетке 194 млн теңгеден астам зиян келтірді. Сонымен қатар, Мелдебеков, салық органдары алдындағы қарызын жасыру мақсатында 130 млн теңгеден астам сомаға банк кепілдігін жасау үшін банк фирмалық бланкін қолдан жасаған.

Осы фактілерді ескерген сот, экс аппарат басшысын 8 жылға түрме жапты. Және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Ал, сыбайласы ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылды, қылмыстық іс бұл бөлікте тоқтатылды.

Айта кету керек, сотталушылар өз кінәларын мойындамай, оларды ақтауды сұрады. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Қазақстанға тазы тұқымының иесі деген мәртебе берілді
Келесі пост
Ақтөбеде оқушы қаза тапты: Күдіктілер ұстаздардың ұлы болып шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu