5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуға 89 елден өтініш келіп түсті 

225

Елімізде өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысуға 89 елден өтінімдер келіп түсті. Бүгінде ойындардың географиясы кеңейді. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына алғаш рет қатысатын елдер де бар дейді жауаптылар.

«Он жыл ішінде әлемдік Ойындарға алғаш рет барлық құрлықтан елдер қатысты. Мысалы, қатысушы елдер арасында Қазақстанға келетін ең алыс ел Австралия болмақ. Сонымен қатар, бірінші рет қатысқалы отырған елдердің ішінде Венесуэла, Ирландия және Гамбия бар», – деді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Ойындардың жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өтеді. Жабылу салтанатында Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын келесі қабылдайтын ел белгілі болады. Оны Өзбекстанда өткізу жоспарланып отыр.

Этноауыл бағдарламасы бірнеше бөліктен тұрады. Әр өңір жеке киіз үй тігіп, туристік әлеуетін, көрікті жерлерін таныстырады. Сонымен қатар, өңірлерден шығыс базарына қатысатын қолөнершілер келіп жатыр, олар өз өнімдерін сататын болады. Сондай-ақ, этноауылда айтыс пен этнотағамдар фестивалі өтеді.

Алдыңғы пост
Қытайда шетелдіктерге бала асырап алуға тыйым салынды
Келесі пост
Ел қоржынына кезекті алтын түсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu