Майқайың кенішінде қайтыс болған құтқарушының туыстары компаниядан 120 млн теңге өндіріп алды

302

Майқайың кенішінде қаза тапқан құтқарушының туыстары, моральдық шығын өндіріп алу үшін сотқа жүгінген болатын. Нәтижесінде, қаза тапқан құтқарушы Олег Тышкевичтің анасы, қызы, ұлы және әпкесі 30 млн теңгеден, жалпы 120 млн теңге өндіріп алды. Моральдық залал ретінде оларға келтірілген моральдық азап, қазаның ауырлығы мен жерлеу кезінде марқұммен қоштасу мүмкін болмауы, жұмыс берушінің көңіл айтып, қолдау көрсетпеуі танылған.

Айта кетейік, бұған дейін кеніш апатына жұмыс беруші “Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі” ЖШС 100% кінәлі деп танылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай 2024 жылы 4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлаған болатын. Сол күні ТЖД құтқарушылары қайтыс болған екі адамның денесін тапқан еді. Араға бірнеше ай салып екі адамның денесі шығарылды.

Алдыңғы пост
Құмар ойын ұйымдастырған 7 мыңға жуық интернет ресурсы бұғатталды
Келесі пост
Бүгін-Отбасы күні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu