300
Келестік тұрғындар, 30 жастағы күдіктінің есік алдына жиналды. Олар, ана мен баланы әбден қорлап өлтіргені үшін, отбасының бұл ауылда тұруға құқығы жоқ деп отыр. Сондықтан, өзге жақа қоныс аударуын талап етуде.
Күдіктінің отбасы тұрғындардың талабын орындауға келісті. Олар, үш апта ішінде көшіп кетуге уәде берді.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қыркүйек күні бір үйден оқушы мен анасының денесі табылған болатын. Күдікті анасының басынан кірпішпен ұрып, қызын зорлап өлтірген еді. Қазіргі таңда, кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен өлтірді деген күдікпен ауылдың бұрынғы дене шынықтыру мұғалімі ұсталған.