Көкек ана сәбиін гаражда босанып, сол жерге тастап кеткен

143

Жағаұстатарлық жағдай, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданында орын алған. Азаматша, гаражда бала босанып, сәбиін қорапқа салып, сол жерге тастап кеткен.

Дәрігерлерге, 25 жастағы әйел қан кетуіне байланысты шағыммен жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында науқастың бала босанғанын анықтаған. Дереу, полицияға хабарлап, оқиғаның егжей-тегжейін жеткізген. Тез арада жұмыс жасаған полицейлер, сәбиді анықтап, ауруханаға жеткізді.

“Бала перинаталдық орталықта жатыр, қазір жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Әйел аудандық ауруханада жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық”, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Ал, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, баланы “қауiптi жағдайда қалдыру” бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Қазақ қыздары шахмат Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Келесі пост
Эскорт қызметін ұсынатын «Kyzdar.net» сайтының бұғатталуына не кедергі? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu