337
Флорида штатында дауыл күшейіп, төтенше жағдай жарияланды. Желдің жылдамдығы қатты болғаны соншалық, миллиондаған адамды электр жарығынсыз қалдырды.
Жергілікті билік, тұрғындарға Флорида штатының жағалауына оралмауға кеңес береді.
«Егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз эвакуациянудан бас тартқан болсаңыз, отбасыңызды анықтау және хабардар ету мақсатында, атыңызды, туған күніңіз және тегіңізді қолыңыз немесе аяғыңызға жазып алыңыз. Маңызды ақпаратты тұрақты түрде маркермен жазыңыз”, – деп жазылған америкалық басылымда.
https://www.facebook.com/share/p/qRWiYeXtEmpd1mjW/?mibextid=oFDknk
Айта кету керек, осы уақытқа дейін Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис штаттың 41 округінде төтенше жағдай жарияланғанын айтқан болатын.