310
Алматы облысында кәмелет жасына толмағандар өз қатарластарына әлімжеттік көрсетіп, ақша бопсалаған.
Бейнематериалда көрініп тұрғандай, қызға психологиялық қысым көрсетіп, бетін тартып жіберген.
Қарасай аудандық полиция департаментінің қызметкерлері оқушы қыздардың жеке басын анықтады. Олардың ерсі әрекеттері үшін, ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кету керек, бұл факті бойынша іс материалдары жинақталып сотқа жолданған.