«Восточный карьерінен» марганец рудасын заңсыз өндірген азаматтың ісі сотқа өтті

877

Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау өңірінде марганец рудасын рұқсатсыз өндіруге және кейін оны заңдастыруға қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жіберді.

Күдікті, 2020-2023 жылдар аралығында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз Ұлытау облысындағы «Восточный карьерінен» марганец рудасын заңсыз өндірумен айналысқан. Қылмыс «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның аэроғарыштық суреттерінің көмегімен анықталды.

Жер қойнауын пайдалануға еш өкілеттігі жоқ азамат, жалған шот-фактураларды жазып, заңсыз өндірілген марганец рудасын заңдастырып, республика бойынша және шет мемлекеттерге өткізіп отырған.

Заңсыз өндірілген кен көлемі 16 мың тоннаны құрап, жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады.

Қазіргі таңда күдіктінің 337 млн теңгенің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік, марганец рудалары өнеркәсіптің әртүрлі салаларында – металлургияда, химияда, керамикада, шыныда, ал оның қосылыстары – фармацевтика өнеркәсібінде қолданылады.

Алдыңғы пост
15 жастағы қыздар ақша бопсалаумен айналысқан
Келесі пост
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі: «Бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu