335
Астаналық жасөспірім бір аулада тұратын достарымен бірге “Schoolboy” деп аталатын ойынға қатысып жүр екен. Ойын шарты бойынша, қатысушылар әр түрлі тәсілдермен тапсырма алады. Мәселен, шатырдан секіру, көл жағасында от жағу, ата-анадан қашу, жасырыну секілді. Осы айтылғандарды орындағандарға балл беріледі. Осы әрекеттерді байқаған әке, өзге де ата-аналарға сақ болуға шақырады.
Елордалық азамат, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 27 үйдің тұрғындары қырағылық танытып, балаларының телефондарын тексеру керек деп отыр.