224
Қостанайлық 21 жастағы бойжеткен, жеделсатыға кірген соң, учаскелік полицейдің суретіне мұрт салған. Сондай-ақ, жапсырмаға балағат сөздер жазып кеткен.
Жедел түрде, іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер, бұзақылық жасаған бойжеткенді анықтады. Ол, бұрында істі болған азаматша екен.
«Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады»,– делінген полиция хабарламасында.
Заңсыз әрекетке жол берген азаматшаға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, 185 мың теңге айыппұл салынды.