236
Алматыда ер адам алдымен көлігін, сосын өзін өртеп жіберген. Абырой болғанда, азамат аман қалды.
Оқиғаны ашып айтар болсақ, алматылық полицейлер, Subaru көлігін тоқтатқан. Жүргізушісінің құжаттарын тексеру барысында, міндетті сақтандыру полисі болмаған. Сонымен қатар, азаматтың 1,3 млн теңге көлемінде айыппұл төлемегені анықталған.
Құзырлы орган өкілдері жүргізушіге хаттама толтырып бермек болған сәтте, алдымен темір тұлпарға бензин шашып, сосын өрт қойған.
Жедел қимылдаған қызметкерлер, қызыл жалынды өшіріп, азаматты жедел жәрдемге тапсырды.