Қаржылық мониторинг агенттігінде шекара маңындағы өңірлерде жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірлескен бақылауды күшейту бойынша ведомствоаралық кездесу өтті.
Қазіргі уақытта қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарында өңделген ЖЖМ ағындары мен «сұр» экспортының күшею қаупі бар деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
Баға айырмашылығынан ЖЖМ жеңіл автокөліктердің зауытта қондырылған немесе қолдан жасалған бензин бактарында ел аумағынан заңсыз шығарылады.
Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тоннаға дейін ЖЖМ әкетіледі.
Сондай-ақ, жағармай құжаттарға жалған ақпарат енгізіліп, теміржол цистерналарымен тасымалдау фактілері кездеседі.
Айта кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігінің мұнай өнімдерінің «көлеңкелі» айналымын төмендетуге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесінде автомобиль және теміржол көлігімен ЖЖМ заңсыз өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау фактілері анықталып, тергелуде.
Жыл басынан бері 21 қылмыстық іс тіркелді, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы құны 900 млн теңгеден астам сомаға 3,5 мың тоннаны құрады.