331
Әлеуметтік желіде елімізге белгілі өнер қайраткерлері отбасына көңіл айтып жатыр. Кейбірі, Арман Дүйсеновті күдіктілер, қастықпен өлтірді деп жазуда.
Айта кетейік, аталған жайтқа қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді.
“Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда”, – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2023 жылы 24 қаңтарда танымал композитор Арман Дүйсенов өмірден өткен болатын.