218
Қостанай облысы, Жітіқара қаласында таңғы сағат 4-30 дар шамасында жеке тұрғын үй өртенген. Баспананың төбесі опырылып түсіп, ішіндегі балаларды басып қалған. Оқиға орнына, лезде жеткен құтқарушылар, жасөспірімдерді аман алып қала алмады.
«Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Абырой болғанда, балалардың үлкені, 2011 жылы туылған бала ғана аман, зардап шекпеген.
Айта кету керек, алдын-ала болжам бойынша балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен. Ал, жұбайы түрмеде отыр.
Қазір оқиғаның себептері анықталуда.