103
Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы есірткінің ірі партиясын әкелу фактісі анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігі жедел іс-шара жүргізіп, Алматы, Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскемен қалаларында халық тұтынатын тауарлар түрінде жасырылған есірткі заттарының жолын кесті.
Нәтижесінде, заңсыз айналымнан шамамен 8 кг марихуана және 15 кг-ға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы)тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, ҚР 10 азаматы ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды.
Айта кетейік, жедел-тергеу шаралары Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді.