74
ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетінің жолын кесті.
Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 кг марихуана мен 3 кг-ға жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.