110
Алматы облысында блокбекеттер қойылып, көліктер түгелдей тексеріліп жатыр. Өйткені, облыстық полициясының хабарлауынша, уақытша ұстау изоляторынан күдікті қашып кеткен. Ол, зорлау бабымен ұсталған көрінеді.
Сондықтан, құзырлы орган өкілдері “Сирена” жедел шарасын іске қосып, алыс-жақын маңдарды тексеріп, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құрылымдарын жұмылдырған.
“Негізгі маршруттарда блокбекеттер қойылған және барлық күш пен құралдар қашқынды іздеуге және ұстауға бағытталған. Сонымен қатар, қашудың мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды”, – деп хабарлады Алматы облысы ПД.