Маңғыстауда жүкті әйелін бірнеше рет пышақтаған азамат 15 жылға сотталды

211

Жергілікті соттың мәліметінше, ер адам асхана пышағымен әйелінің арқасынан, санынан және кеуде тұсынан пышақтаған. Қылмыстық істі қарау барысында, сотталушы, осы әрекеті үшін өкінетінін жеткізген. Ал, әйелі де, жұбайын бас бостардығынан айырмауды сұраған.

Десе де, күдікті заң аясында кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

“Сотталушының кінәсі оның мойындауымен, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді”, – делінген Маңғыстау облыстық сотының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында, ер адам әйелін дүкен алдында бірнеше рет пышақтаған болатын. Тіпті, куәгерлерді қорқытып, қансырап жатқан әйелге ешкім көмектесе алмаған еді.

Алдыңғы пост
Ермахан Манқараев бір отбасыны уланудан аман алып қалды
Келесі пост
Депутат: Жануарларға төлем беріледі, ал адамдарға неге төлем жасалмайды? 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu