160
Қайғылы жағдай, Жамбыл облысы Қызылшарық ауылында және Рысқұлов ауданы, Жарылсу ауылындағы жеке тұрғын үйлерде орын алған.
Бірінші жағдай, 16 қазан күні тіркелген. Яғни, Жарылсу ауылында газға шай қойған тұрғындар өшіруді ұмытып кетсе керек, су төгіліп, газ сөніп қалған. Салдарынан, 57 және 49 жастағы ерлі-зайыпты, олардың 13 және 5 жасар балалары газдан уланып қаза болды.
Сондай-ақ, 17 қазан күні, көгілдір газдан уланып, 61 жастағы отағасы мен оның 36 жастағы ұлы оқиға орнында көз жұмды, ал 17 жастағы немересі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Сондықтан, газ плиталарына абай болып, көгілдір газдың шығу тетіктерін уақытылы тексеріп тұрыңыздар!