127
Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, кісі өлтіруге оқталу дерегіне қатысты күдікті жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Күдікті, өзінің қылмыстық іске жол бергенін мәлімдеді. Аталған факті бойынша іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Ол, қамауға алынды.
Айта кетейік, күдікті тұрмыстық жанжал кезінде өзінің бұрынғы жездесіне пышақ сұғып, оқиға орнынан тайып тұрған. Оны іздеуге Түркістан полициясының барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.