“Талибан” қозғалысы әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, әйелдермен сөйлесуге тыйым салды. Бұл туралы ізгілік министрі Халид Ханафи хабарлады.
Сонымен қатар, ересек әйелдердің өз дауыстарын естуге тыйым салынады.
Bild басылымының мәліметінше, талибан “ізгілікті насихаттап, жамандықты жоюға” бағытталған бірқатар заң қабылдады. Бұл заңға сәйкес әйелдің көпшілік алдында шыққан дауысы “жамандық” болып саналады.
Естеріңізде болса, 2021 жылдың тамызында Талибан Ауғанстанда билікке келгеннен кейін, елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамның қатсуынсыз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салған болатын. Сондай-ақ, оларға, саябаққа баруға, шомылуға және кез келген спорт түрімен айналысуға да рұқсат етілмейді. Тіпті, сұлулық салондарына баруға да шектеу қойылған еді.