Екі күнде 280 қылмыскер ұсталды: Оның ішінде қызын өлтірген әйел бар

124

Ішкі істер министрлігі жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл туралы Polisia,kz хабарлады. Небәрі, екі күннің ішінде полиция іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде, кісі өлтірген 9 адам. Ал, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 4, қарақшылық шабуылдар үшін 5 азамат құрықталды. Сонымен қатар, тонау бабымен 7 адам қолға түсті. Бұдан бөлек, есірткі қылмысы үшін 19 күдікті анықталды.

Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынды.

Мәселен, Алматы полициясы Ташкент облысының МІІБ-мен іздеуде жүрген 28 жастағы Өзбекстан азаматшасын ұстады. Әйел, 2015 жылдың мамыр айында өзінің кәмелетке толмаған қызын өлтіріп, бой тасалап жүрген.

Сондай-ақ, жүйелі жұмыс барысында полиция қызметкерлері, хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.

Алдыңғы пост
Алматы облысында атыс оқиғасы тіркелді
Келесі пост
Роналду пенальтиден мүлт кетті: “Әл-Насрды” кубоктан айырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu