106
Бокстан 22 қазан – 3 қараша күндері аралығында Будва (Черногория) қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионаты жерлестеріміз үшін өте табысты аяқталды.
25 боксшымыз сынға түскен айтулы бәсекеде, Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жалпы есепте бірінші орынға ие болды.
Алтыннан алқа таққандар:
Боранбек Бексұлтан (51 келі)
Төрехан Сабырхан (67 келі)
Өнер Сеиілхан (71 келі)
Санжар-Али Бегалиев (75 келі)
Елянур Турганова (50 келі)
Аружан Зеиноллаева (81 келі)
Жалпы жүлде кестесі бойынша, Қазақстан 6 алтын, 1 күміс еншіледі.