72
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден, әйелдердің жұмыс күнін қысқартуды ұсынды. Бұл отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, жұмыс істейтін әйелдерге бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді дейді.
Сондай-ақ, депутат бала күтімі бойынша инфрақұрылымды дамыту, яғни тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашуды жөн деп санайды. Бұдан бөлек, жұмыс орындарында балалар бөлмелерін құру қажет. Сонымен қатар, декреттік демалысты екі жылға дейін ұзартуды сұрады.
Ал сіз қалай ойлайсыз?