902
Атырау облысында үй өртке оранып, ана мен баланы қызыл жалын шарпыған. Бастапқыда 66 жастағы ана, баласын құтқарамын деп, өрт шалған үйге басып кірген. Салдарынан, екеуі де өртеніп кетті.
Сондай-ақ, 58 жастағы азаматтың екі қолы күйген. Ал, тағы бір жасөспірім түтінге уланып қалған. Қазіргі таңда, екеуі де дәрігерлердің бақылауында.
Екі адамның өмірін қиған өрт оқиғасына қатысты анықтау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайы белгілі болмақ.