Дәрігерлер 4 айлық сәбиге бірегей ота жасап бүйрегін сақтап қалды

80

Қалалық балалар клиникалық ауруханасында 4 айлық сәбиге бірегей ота жасалды. Нәресте ауыр жағдайда тума сол жақты гидронефроз 3 дәрежесімен ауруханаға түскен деп хабарлайды Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Антенаталды кезеңнен бақылауда болып, толық тексерілуден кейін көлемді отаға дайындық жүргізілді. Тексеру кезінде сәбиде бүйректің зәр шығару жолдары айтарлықтай тарылып, сол бүйректің қызметі төмендегені анықталған.

Балаға жоспарлы түрде сол жақты люмботомия және несепағар- түбекше сегментінің резекциясы, Хайнц-Андерсон бойынша зар жолдары пластикасы жасалды. Ота сәтті өтті, бала үйіне қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.

Айта кетейік, мұндай оталарды жасау үшін науқас балалар Астана, Алматы қаласындағы республикалық орталықтарға жолдамамен жіберілетін. Бір жылдан бері Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері урологиялық оталарды өздері сәтті жасап, балаларға сапалы медициналық көмек көрсетуде. Ауруханада бүгінге дейін урологиялық 60 -қа жуық ота жасалды.

Тумасынан бүйрек ахауы бұзылған балалар босану үйінен бастап бақылауға алынып және ота күнін белгілеп, денсаулық көрсеткішіне қарай шұғыл ота жасалады. Отаның ерекшелігі- бүйректі қалпына келтіру болып табылады.Қазіргі уақытта жоғарғы зәр жолдарының тума ақауы кездесу жиілігі артуда. Дер кезінде анықтап, ерте жаста қалыпқа келтіру баланың бүйрек ақауын сақтап қалуға зор мүмкіндік береді дейді дәрігерлер.

Алдыңғы пост
Ақтаудағы ұшақ апаты: тергеу қорытындысы жыл соңына дейін жарияланады
Келесі пост
Мектеп автобусының жүргізушісі оқушыны қағып мерт етті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu