Су тасқынына қарсы дайындық күшейтілуде

115

Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында «Қазсушар» филиалдарын 84 жаңа техникамен қамтамасыз етті. Оның ішінде 8 автокран, 14 самосвал, 7 трактор, 23 тиегіш және 32 газель көлігі бар.

Арнайы техника паркін жаңарту су шаруашылығы нысандарын бақылауды күшейтуге және инфрақұрылымды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз етуге, жұмыстардың жеделдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Министрліктің бұл бастамасы су шаруашылығы саласын жаңғырту бойынша кешенді жоспарының бір бөлігі ғана. Ведомство алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті.

«Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» филиалдарын жалпы саны 757 жаңа техника және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар. Бұдан бөлек, жаңадан 8 жерснаряд алынады. Бұл су қоймасының түбін түрлі шөгінділерден тазартуға арналған кемелер. Арнайы техника су тасқыны қаупін азайтуға, каналдардың су өткізу қуатын арттыруға және қосымша бос орын есебінен су сақтау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Алдыңғы пост
Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы жеңілдейді ме? 
Келесі пост
Мас күзетші оқушыға шабуыл жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu