Салық кодексіне түзетулер енгізілді

121

Мәжілісте салық кодексінің жобасына түзетулер енгізу туралы ұсыныс айтылған болатын. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.

Түзетулер төмендегідей:

Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 АЕК (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК (15 млн теңге) дейін;

Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;

Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болмақ.

Естеріңізде болса, мемлекет басшысы, қосылған құн салығының тым жоғары екенін айтып, қосымша қайта қарау керектігін айтқан болатын.

Бұл мәселе, халық арасында кеңінен талқыға түсті. Көпшілігі қарсы болып, түрлі пікір білді. Бірі, қосылған құн салығының ұлғаюы инвестициялық ахуалды нашарлатады десе, енді бірі, халық пен кәсіп иелері зорға өмір сүріп жатыр, қосылған құн салығы 20 пайыз болса, қалтаны ұрады деп пікір білдірген.

Алдыңғы пост
Қызды ұрлап алып кеткен азамат айыппұлмен құтылды
Келесі пост
Президент «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтауды тапсырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu