Перизат Қайраттың қитұрқы әрекеттері әшкере болуда: тың деректер пайда болды

103

2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелді деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

П.Қайрат 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысында «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған.

Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан.

П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен, осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан.

Сонымен қатар, П.Қайрат «Батыр» қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда бұл участокты 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған.

Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр.

Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шыққан.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Алдыңғы пост
Шетелдік азамат электронды темекіні әкелгені үшін бас бостандығынан айырылды
Келесі пост
Грантта оқыған түлектерге оқу ақысын қайтару туралы хабарлама келуде 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu