Ақберен Елгезектің мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңге табыс тауып, өзіне жеке кино түсіргені рас па?

85

Соңғы күндері ақын, баспагер Ақберен Елгезекке қатысты үлкен дау туындады. Ол, бюджет қаржысына кино түсіріп алды деген әңгімелер тағы бар. Тіпті, азиялық хабар тарататын Дикая Азия Telegram арнасы, Елгезектер отбасына тиесілі төрт компания 1 млрд теңгеден аса табыс тапқанын жариялаған болатын. Оның 610 млн теңгесі мемлекеттің ақшасы көрінеді. Сондай-ақ, кітаптарды бірнеше есе қымбатқа сатып, мемлекеттік тапсырыс арқылы заңсыз пайда тапты деп отыр. Сонымен қатар, олардың баспаханасы да, арнайы жабдықтары да жоқ екені айтылған. Алайда, бұл ақпараттарды қайдан алғаны белгісіз.

Ал Ақберен Елгезектің өзі, сынға қарсы пікір білдіріп, өзін ақтап алуға тырысты.

«Қазір бәрі электронды түрде жүреді, қағаз ақшаның заманы өткен. Ол түгілі бір уыс шемішкені де Каспимен алатын жағдайдамыз. Сондықтан тексереміз десеңіздер, мархабат! Сосын қазір бір жерде заң бұзсаң, дереу сол жерде тоқтайсың. Оны кәсіпкерлер жақсы біледі. Оның сыртында әлгіндей аңдып отырған шибөрілер бар дегендей. Сондықтан мен барынша заң аясында істеймін бәрін. Демек кәсібімнің электронды жүйесінен дым таппасаңдар, онда жала жапқан нағыз жалақор болғандарың»,-деп жазған әлеуметтік желіде.

Elitar.kz ақпараттық порталының тілшісі осы дауға байланысты зерттеу жүргізіп көрді. Ашық дереккөздерге сәйкес, Ақберен Елгезек расыменде 2022, 2023 жылдарға қарағанда 10 есе көп салық төлеген. Демек, баспагер баспадан 10 есе табысты да көп тапқан деген сөз.

Алдыңғы пост
Жұрттың қалтасын қағып 78 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды
Келесі пост
Биыл 42 мыңнан астам адам әскерге шақырылмақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu