«Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандар сотталды

70

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті 60 адамды сан соқтырғандарды анықтады. Олар, өздерін әлеуметтік желілерде табысты кәсіпкерлер ретінде таныстырып, азаматтарға тендерлерге қатысу арқылы тез табыс табу схемасын ұсынған.

«Инвестицияның ең төменгі сомасы 1 млн теңгеден басталып, 40 күн ішінде ұсынылған табыс 90%-дан асатыны айтылды. Сонымен қатар, салымшылар әр жаңа тартылған қатысушы үшін жарнасынан 10% қосымша пайда алған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 60 адам тартылып, жалпы шығын 490 млн теңгеден асты»,-деп жазылған мәлімдемеде.

Тергеу барысында арықталғандай күдіктілердің бірі салымшылардың қаражатына елорданың премиум санатындағы құны 69,5 млн теңге тұратын пәтер сатып алып, қайыненесіне ресімдеген.

Күдікті кейіннен, мүлікті өзге адамға аударуға тырысқанымен түк шықпады. Нәтижесінде, сот санкциясымен мүлікке тыйым салынды.

Ал, пирамида құрып, қалтасын қалыңдатуды ойлағандар 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, жәбірленушілерге 72 млн теңге шығын келтірген.

Алдыңғы пост
Мәсімовтың үйі аукционда өтпей қалды
Келесі пост
ЖИ көмегімен сот шешімдерін орындау: азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктер

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu