70
Перизат Қайрат негізін қалаған қор таратылмақ. Әділет министрлігі елорданың экономикалық сотына “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қорын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берген болатын.
Министрлік бұл ақпаратты растап, қордың құрылуында заң бұзушылықтар болғанын алға тартып, қорды тарату туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, Перизат Қайратқа қатысты бірнеше алаяқтық іс бойынша айып тағылып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау, қорға жиналған ақшаны өз қажеттілігіне жарату.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.