81
28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский пайдалы қазбаларды, соның ішінде мұнай, газ және сирек кездесетін металдарды өндіру бойынша АҚШ-пен келісім жасасу үшін Вашингтонға барады.
Дональд Трамп бұл келісімді «аса маңызды» деп атады. Бұған дейін Зеленский қауіпсіздік кепілдіктерінің болмауына байланысты құжатқа қол қоюдан бас тартқан еді. Алайда келісімнің жаңартылған нұсқасында да мұндай кепілдіктер қарастырылмаған.
Украина үкіметі сәрсенбі күні келісімді мақұлдауды ұсынуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде Трамп Украинаға әскери кепілдіктер бермейтінін, бұл міндет Еуропаға жүктелуі тиіс екенін мәлімдеді.